1 / 17

“АЛТЫН БЕЛГІ” иегерлері қауымдастығының жаңа маусымы

“АЛТЫН БЕЛГІ” иегерлері қауымдастығының жаңа маусымы. Университетімізің бірінші проректоры Н.Ж. Нұрманбетованың тікелей жетекшілігімен құрылған,республика бойынша бірден-бір ұйым.

lyle
Télécharger la présentation

“АЛТЫН БЕЛГІ” иегерлері қауымдастығының жаңа маусымы

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. “АЛТЫН БЕЛГІ” иегерлері қауымдастығының жаңа маусымы

  2. Университетімізің бірінші проректоры Н.Ж. Нұрманбетованың тікелей жетекшілігімен құрылған,республика бойынша бірден-бір ұйым.

  3. Қауымдастықтың негізгі мақсаты - «Алтын белгі» иегерлерінің интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін тиімді пайдалану және осы ұйымға мүше жастардың көмегімен барлық студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту, жас ғалымдарды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге баулу. Алдағы уақытта қауымдастық еліміздің көптеген жоғары және орта білім беретін оқу орындарында университетішілік «Алтын Белгі» клубтарын ұйымдастыратын болады. Кейін осы клубтар және құрылымдық бөлімшелер, Білім және ғылым министрлігі, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, қоғамның өзекті мәселелерін талқыламақ. Сонымен қатар Қауымдастықтың барлық жоғары оқу орындарының ғылыми бірлестіктерінің жұмысын үйлестіру ісімен айналысатын болады. Осылайшағылыми-инновациялық жобалардыжүзеге асырып, оны ел экономикасының игілігіүшін өндіріске енгізужоспарлануда. Ғылыми-зерттеу институттарыменбірлесіпжұмыс істейтінбұл ұйым ең өзекті мәселелерді шешугеарналған жобалардытаңдап алатынболады. Басымдық нано, биожәне апараттытехнологияларға беріледі.

  4. «Алтын Белгі» қауымдастығының атаулы шәкіртақысы Еліміздің мақтанышы, дарынды студенттер, «Алтын белгі» иегерлерін біріктіру мақсатында 2010 жылы «Алтын Белгі» иегерлерінің қауымдастығы» құрылған болатын. Қауымдастықтың негізгі мақсаты «Алтын Жастардың» интеллектуалды, шығармашылық әлеуеттерін біріктіру арқылы, ғылыми-инновациялық жобалар жасап, келешекте еліміздің экономикасына ендіру болып табылады.

  5. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халықаралық талаптарға сай бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау миссиясын жүктеген Қазақстандағы 9 ұлттық жоғары оқу орындарының бірі - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Соңғы үш жылда “Алтын белгi” иегерлерінің, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздарының сандық көрсеткіші бойынша аталмыш оқу ордасы ең үлкен нәтиже көрсетті. Осы себеппен «Алтын Белгі» қауымдастығының бас штабы Еуразия Ұлттық Университетінде орналасты.

  6. Сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай мен қоса қаражат та үлкен рөл атқарады. Мәселен, шетелде оқитын студенттер оқулықтардың өзіне 1000 АҚШ доллары шамасында қаражат жұмсайды. Осы тәжірибені пайдаланып, 2010 жылдан бастап, Еуразия Ұлттық Университетінің әр «Алтын Белгі» иегеріне қосымша 7000тг. мөлшерінде «Алтын Белгі» атты қосымша шәкіртақы төленіп келеді. Яғни мемлекет 15мың теңге, ал қауымдастық тарапынан 7мың теңге беріледі. Жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру стратегиясының басты бағыттарының бірі – дарынды жастарға сапалы білім беру. Дарынды жастарға сапалы, халықаралық стандарттарға сай білім беру – бұл уақыт талабы, Қазақстаннның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуының басты кепілі.

  7. Қауымдастықтыңалдағы уақытта мынадайшараларды жүзеге асырудыжоспарлауда: таланттыжастардыанықтауға арналған олимпиада, турнирлер ұйымдастыру; Білім беру саясатынжетілдіру мақсатында ЖОО-наарналған электрондыоқулықтар дайындау; Шетелдіңүкіметтікемесұйымдарыменбайланысорнатып, халықаралықконференцияларөткізу; Ассоциацияныңғылыми-танымдықпорталынашу. Қауымдастықтың мүшелері университеттітамамдаған соң, мамандықтарына сәйкес ғылыми-зерттеу орталықтарына жұмысқа орналастырылады

  8. "Алтын белгі" белгісі туралы ереже • 1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленген. • 2. "Алтын белгі" белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда: • 1) Үлгілі мінез-құлық көрсеткен, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу кезеңінде білім берудің негізгі орта және жалпы орта деңгейлерінде "5" деген жылдың және қорытынды бағалары бар; • 2) Жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан "Өте жақсы" деген бағамен өткен оқушылар марапатталады. • 3. "Алтын белгі" белгісімен оқушылар облыстар, Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінің марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженің талаптарына сәйкестігі туралы ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрық шығаруы жолымен марапатталады. • 4. "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі. • 5. Заңның 26-бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар. • 6. "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады. • 7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқушыларына қолданылады. • 8. "Алтын белгі" белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  9. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Алтын белгі» иегерлерімен, республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен жүздесті.

  10. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа «Алтын белгі» иегерлері қауымдастығының куәлігі мен төсбелгісі табыс етіліп, кездесу соңы кішігірім көңілді концертке ұласты.

  11. Бақытжан Жұмағұлов кездесу барысында студенттерді Қазақстанның айтулы мерекесі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен құттықтай отырып, талапты жастарды қолдау, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту – мемлекет саясатының басым бағыты екендігін атап өтті.

  12. «Алтын белгі» иегерлері ректормен жүздесті Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өткен кездесуде студенттер университет ректоры Ерлан Сыдықовпен жүздесіп, туындаған сұрақтарына жауап алды.

  13. Біз -“Алтын жастармыз”! Қазіргі таңда еліміздің іргесі биік болсын деген мақсатта, жүзеге асып жатқан түрлі бағдарламалар, заманға сай технологиялар және тағы да игі бастамалар жүзеге асуда. Ал, өскелең ұрпақтың міндеті – осы мүмкіндіктерді қалт жібермей, ұтымды пайдалану. Терең де сапалы білім, қажырлы еңбек, ізденіс пен талаптану көмегімен еліміздің жағдайын одан әрі дамытып, әлемде өзіндік, жоғары орны бар мемлекетке айналдыруға мүмкіндігіміз бар. Біз елдің ертеңіміз. Еліміз болашақта кәсіби мемлекет болмақ. Келешекке кемел біліммен, нық қадаммен аяқ басуымыз керек. Халық «Алтын жастарға» үлкен үміт пен зор сенім артқандықтан, оны ақтау ұрпақ парызы. Егеменді, тәуелсіз, көп ұлтты еліміздің болашағы білімді де құзыретті жастар қолында.

  14. “Алтын белгі” иегерлері қауымдастығының құрылымы Президент Премьер-министр Премьер-министр Оқу-білім министрлігі Ұйымдастыру және менеджмент министрлігі Стратегиялық жоспарлау министрлігі Мәдениет және өнер министрлігі Қауіпсіздік министрлігі Сыртқы және ішкі саясат министрлігі Спорт министрлігі Қаржы және экономикалық даму министрлігі Баспасөз және ақпарат министрлігі Әділет министрлігі Факультеттер Республикалық Қалалық Студенттік жатақханалар Болон жүйесі Мектепішілік

  15. І Республикалық «Алтын Белгі» иегерлері құрылтайы І Республикалық «Алтын Белгі» иегерлері құрылтайының өтуіне байланысты, барлық «Алтын Белгі» иегерлерін және басшылық қабілеті бар жастарды аталмыш іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Күн сайын сағат 14.00-17.00 аралығында Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі 5, «Студенттік өнер ордасы «Алтын Белгі» кабинетіне келіп тіркелуге болады.Немесе altynbelgi@mail.ru поштасына өзіңіз жайлы қысқаша мағұлмат жіберуге болады. Біз міндетті түрде сізбен хабарласамыз. Сұрақтарыңыз болса, мына телефондардың біріне хабарлассаңыз болыды: +7(7172)353806 (ішкі 37-07), +7701 432 71 38 – “Алтын белгі” қауымдастығының төрағасы Жуандықов А.С.

More Related