1 / 64

Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу қызығушылығын арттыру жолдары

Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу қызығушылығын арттыру жолдары.

chibale
Télécharger la présentation

Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу қызығушылығын арттыру жолдары

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу қызығушылығынарттыру жолдары

  2. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының жанында игі істер атқарып келе жатқан «Мейірімділік пен қамқорлық» жобасын мақтанышпен айтуға болады. Жоба өз жұмысын 2008 жылы бастаған болатын. №1 қалалық ауруханамен бірлесе отырып, 40 баланы қамтитын тізім жасалды.

  3. Ерекше оқырмандар: Бинашева Зере Достан Мария Есентүгелова Ақмоншақ Есеналин Сапар Тлеужанов Ғалымжан Иманбаев Мерей Гуйдина Виктория Пасынков Антон Чубенко Андрей Амантаева Аяна Котляров Александр Жаксылыкова Ақерке Татарбаева Альбина Жанкелді көшесі, 23 Жамбыл көшесі, 48 Ағайын.Коростелевтар көш., 158 А Уәлиханов көш. 22-20 Некрасов 238 А Деповская көш 6-224 Деповская көш 15-512 Әйтеке би көш 38-47 Тельман көш. 57 Түрксиб көш. 51 Мирзоян көш 13-24 Ағайын. Коростелевтар көш.,158 А Мирзояна 45-8

  4. 2009 жыл Жыл бойы мүмкіндігі шектеулі 13 оқырман 85 кітап (оның ішінде қазақша 38 кітап) оқып, балалардың ата-аналары кітапханашыларға ризашылығын білдірді. (Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының есебінен үзінді)

  5. Кітапханашылар кітапханаға келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың үйіне бару арқылы кітапхана мен бала арасындағы байланысты жалғастыруда.

  6. 2010 жыл Жыл бойы мүмкіндігі шектеулі 21 оқырман 117 кітап (оның ішінде қазақша 53 кітап) оқып, балалардың ата-аналары кітапханашыларға ризашылығын білдірді. (Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының есебінен үзінді)

  7. «Жасыл шырша» ертеңгілігінен көрініс

  8. 2011 жыл Кітапханада «Мейірімділік және қамқорлық» жобасы сәтті жобалардың бірі деуге болады. Кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың үйіне бару арқылы кітапхана мен бала арасындағы байланысты жалғастыруда. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі 20 оқырман 246 кітап (оның ішінде қазақша 123 кітап) оқып, балалардың ата-аналары кітапханашыларға ризашылығын білдірді. (Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының есебінен үзінді)

  9. 2011 жылдың 6 қаңтарындабалаларға «Жасыл шырша» атты мерекелік бағдарламасы ұсынылды. Мерекеміздің қадірлі қонақтары, жас оқырмандарымыз Байниязов Аймұрат, Магаишева Инара, Анишбекова Ақбаян, Иманагбетова Мерей, Чубенко Андрей, Амантаева Аяна, Татарбаева Альбина. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге Жаңа жылды қарсы алып, ойын ойнап, соңында балаларға сыйлықтар тарту етілді.

  10. «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!»

  11. 1 сәуірде Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында «Дос болайық кітаппен!» атты кітап мерекесі ұсынылды. Мерекемізге келген балалар «Сиқырлы диірмен» атты кітап көрме-инсталляциясымен танысты. Кітапхананың белсенді жас оқырмандары қонақтарымызға арнап «Аяз би» ертегісінен, И.Крыловтың мысалдарынан теартланған қойылымдарын көрсетті. Шара соңында Ақтөбе облысы балалардың құқығын қорғау департаментінің қызметкері Амина Мәдиқызы қадірлі қонақтарымызға балалар кітаптарын сыйға тартты.

  12. Ақтөбе қаласының сал ауруларды қорғау қоғамының қызметкері Гүлмирам Сражова балалармен бізде қонақта

  13. 2012 жыл Жыл бойы 15 ерекше оқырман 171 кітап (оның ішінде қазақша 93 кітап) оқып, балалардың ата-аналары кітапханашыларға ризашылығын білдірді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға және балалардың ата-аналарымен бірге демалуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған «Жайлы саябақтағы – жақсы журнал» жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларды да қуантты. Осы жоба аясында бекітілген кесте бойынша мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың отбасында болып, кітапхана қорындағы балаларға арналған қызықты журналдармен таныстырып отырды. Балаларының қуанышты жүздерін көрген ата-ана ризашылық сезімдерін білдірді. Жоба жұмыс жасаған уақыт ішінде оқырмандар 15 журнал тігіндісімен танысты. (Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының есебінен үзінді)

  14. «Босағамнан құт боп атта, Жаңа жыл!»

  15. «Ұлыстың Ұлы күні – ұлық мейрам!»

  16. 2012 жылдың 19 мамыр күні Ресей Федерациясы Орынбор қаласында «Үздік оқырман отбасы – 2012» халықаралық байқауы өтті. Шараның басты мақсаты – отбасылық кітап оқу мәдениетін жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

  17. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының белсенді оқырманы, «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының мүшесі Достан отбасы – Мұрат Ысқақұлы, Ғалия Жәкебайқызы және 10-жасар Мария қатысты. Мария №2 арнаулы орта мектебінің 4-Б класс оқушысы

  18. Д О С Т А Н О Т Б А С Ы Ү З Д І К О Қ Ы Р М А Н О Т Б А С Ы

  19. Маусым айында кітапхана қызметкерлері «Жүрек жылуы» акциясын ұйымдастырып, Алға балалар үйінде болып қайтты.

  20. 2013 жыл 4 қаңтар күні «Ақ ниетпен, ақ тілекпен, құт болып кір, Жаңа жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік өткізілді. Балалармен кездесуге Дисней ертегілерінің кейіпкерлері Микки және Минни Маус, ескі жыл символы – Ұлу, жаңа жыл – Жылан, Аяз ата мен Ақшақар келді. Шараға қатысушылар Аяз атаны би өнерімен, түрлі ойындармен, тақпақтармен тамсандырды. Татарбаева Альбина Микки Мауспен би билеп, өнері бағаланып сыйлыққа ие болды. Бәрінен жақсы Тілектес Альбина Аяз атаға өзінің тақпағын айтып берді, ал Берегенов Ансат мен Достан Мария жұмбақтарды шешуде бірінші болды. Жаңа жылдық мерекеде А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде оқитын биші қыздардың өнері балаларға тосынсый болды. Кітапхана ұжымымен қосылып оқырмандар клип – караокемен ән айтып, көңіл көтерді. Ертеңгілік соңында Аяз ата балаларға тәтті сыйлықтарды тарту етті.

  21. Ақтөбе облыстық ер балаларға арналған қайырымдылық мекемесіндегі кездесу

  22. Ақтөбе облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп интернатының жас қолөнершілері және жетекшісі М.Бектұрғанов

  23. Кереметшеберхана Ақпан айының 1 күні Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 15 жылдығына арналған «Керемет шеберхана» атты мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында өтетін облыстық қол өнер сайысын ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты: Баланың бойында жаңа қазақстандық патриотизмдітәрбиелеу Кітап оқу арқылы оқырмандарды шығармашылыққа баулу Байқаудың негізгі тақырыбы «Алаштың айбыны, қазақтың ай-күні – Астана!». Байқаудың қорытындылау салтанаты 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қазылар алқасының шешімімен шығарылады.

  24. «Қарттарым – асылқазынам» акциясы Қарткісініқұт-берекедептанысақ-олұрпақкөрегендігі. Ұрпағықұрметтегената-анаәркезде де бақытты. 5 наурызда үлкендерге құрмет көрсету, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Ақтөбе қаласы қарттар мен мүгедектер интернат үйінде «Шын жүректен!» атты мерекелік бағдарлама ұсынылды.

  25. 14 наурыз күні кітапхана оқырмандарына «Жер - анамның тілейтіні тыныштық, Наурызбен келе берсін ырыс-құт!» атты мерекелік бағдарлама ұсынды. Мерекеміздің қадірлі қонақтары, жас оқырмандарымыз Берегенов Ансат, Достан Мария, Байниязов Аймурат, Тлектес Альбина, Жумина Дана, Мыңбаева Гауһар, Самлык Ильяс, Амантаева Аяна, Татарбаева Альбина. Оқырмандармен бірге Наурызбай батыр көктемнің символы Қызғалдақ гүлін Қара ниетті құйыннан құтқарып, Қарашаш ана, Қожанасыр, Алдар көсе, Қызыр бабамен бірге Мыстан Кемпірдің кедергілерінен өтіп, Наурыз мейрамын қуанышпен қарсы алды. Балалар көктемнің шуақты мерекесі Наурыз тойы туралы мәлімет алып, мерекелік ас – наурыз көжеден дәм татып, Қызыр атадан бата алды. Мереке ән-жыр, ойын-сауықпен жалғасын тапты. «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

  26. «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігіндегі “Қамқорлық абонементі” жылжымалы кітапханасы 22 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Мейірімділік пен қамқорлық» жобасы аясында 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітаптар мен авторлық құқық күні қарсаңында «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде жылжымалы кітапханасының ашылу салтанатын өткізді. Шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың кітапхана кітап қорына қол жеткізу мүмкіндігін жасау, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрістерін дамыту.

More Related