1 / 12

Ұйымдастырушысы: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жастар, студенттер және жас кәсіпкерлер арасында өткізілетін «Инновациялық Қазақстан» р еспубликалық идеялар конкурсы. Ұйымдастырушысы: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

fred
Télécharger la présentation

Ұйымдастырушысы: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жастар, студенттер және жас кәсіпкерлер арасында өткізілетін «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсы

  2. Ұйымдастырушысы: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Ұраны: «Сенің идеяң! Сенің мүмкіндігің! Сенің болашағың!». Конкурстың миссиясы: Жастардың, студенттердің және жас кәсіпкерлердің Қазақстандағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларын іздеп табу және қолдау.

  3. Конкурстың мақсаттары: • Қазақстан жастарының инновациялық ой-санасын ынталандыру; • Талантты жастар жасағын және «жобалар мен идеялар қоржынын» құру. • Қордың Қазақстанның инновациялық дамуының негізгі провайдерлерінің бірі ретіндегі имиджін арттыру.

  4. Кім конкурстың қатысушысы бола алады? Конкурс комиссиясының және конкурстың атқарушы органы өкілдерінің тура жақындары болып табылмайтын 15-тен 30-қа дейінгі жас адамдар (Қазақстан азаматтары). Ол үшін не керек? 1. Белгіленген форма бойынша өтінімді толтыру, жеке куәлік, паспорт/туу туралы куәлік көшірмесін қоса жіберу; 2. Жобаның идеясын таныстырып көрсетудің формасын толтыру.

  5. Жобаныресімдеу: - негізгімәтіннің көлемі – А4 пішіміндегі 20 беттенаспайды (мәтіндік құжат немесетаныстырылым); - жұмысқа жобамәтініне қосымша түрінде ресімделгенграфиктер, кестелер мен басқа да графикалық материалдарқоса берілуімүмкін, қосымша көлемі – А4 пішіміндегі 10 беттенаспайды; - қаріпTimes New Roman,14 пт., жоларалық қашықтық – біржарым; - беттернөмірленуі тиіс, парақтар брошюраға жинақталмайды және тігілмейді; - егерөтінім электрондық поштаменжіберілсе, файл көлемі 2 Мб-тан аспауытиіс; - егержобакөлемі 2 Мб-тан асыпкетсе, файлдыдискігежазып, олпоштаменнемесеқолма қол жеткізілуітиіс.

  6. 2011 жылғы 28 тамыз, Астана қ. • Өтінімді қай жерден алуға болады? • i-kaz.kz сайтынан • Қалаңыздағы мобильді топтар волонтерлерінен. • Өтінімді қалай тапсыру керек? • Пошта арқылы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 32, 1 қабат, 102 каб., «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсы деген белгімен • i-kaz.kz сайтындағы форманы толтыру. • Өтінімді қашан тапсыра аламын? • 2011 жылғы 13-қыркүйек күні бастап, 2011 жылғы 1-караша күні сағат 18-00-ге дейін.

  7. Қандай номинациялар болады? 1. «Технологиялық серпін» (ғылым, технологиялар, өндіріс): - Инженерлік-техникалық инновациялар; - Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялар; - Өндірістік қызмет саласындағы бастамалар; - Энергия үнемдеу технологиялары саласындағы инновациялар; - Экология және табиғатты пайдалану салаларындағы бастамалар; - Басқарушылық инновациялар. 2. «Әлеуметтік идеялар»: - Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы бастамалар; - Мемлекеттік, жергілікті басқару салаларындағы бастамалар; - Қоғамдық-саяси өмір саласындағы бастамалар; - Өңірлердегі, қалалардағы, ауылдардағы инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы бастамалар.

  8. Өтінім түрлері: • Жеке. • Топтық (5 адамға дейін, қоса алғанда) • Конкурстың финалға шығушыларын іріктеу және марапаттау • 2011 жылғы желтоқсанның 2-сі мен 9-ын қоса алғанда Конкурстық комиссия: • - келіп түскен Конкурстық өтінімдердің бағалануын өткізеді; • - Конкурстың әр номинациясы бойынша 5 финалға шығушыны (барлығы 10 адам) іріктеуді өткізеді; • - финалға шыққандар арасынан Конкурстың 2 жеңімпазын анықтайды: әр номинация бойынша бірінші орын. • Конкурстың барлық финалға шығушылары Астана қаласында өткізілетін «Инновациялар-2011» форумына қатысуға және марапаттау рәсіміне шақырылады.

  9. Сыйлық қоры • Конкурстың финалға шығушылары дипломдар мен бағалы сыйлықтарды иеленеді. • Жеңімпаздардың әрбіреуі 5 миллион теңгені құрайтын оқу гранттарын алады (оқу ақысы, жолақы, сақтандыру, тамақтану, шәкіртақы және т.б.): • - ірі шетел оқу орындарының бірінде non-degree бағдарламасы бойынша оқу (1 семестр); • - тілдік бағдарлама бойынша тілдік ортаға еніп оқу (1 семестр); • - шетел және қазақстандық компанияларда ақы төленетін ғылыми/өндірістік тағлымдамадан өту; • Сыйлық қорына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес табыс салығы салынады.

  10. Конкурстық өтінімдерді бағалаудың критерийлері - идеяның біртумалығы (өзгешелігі, өзіндік ерекшелігі); - іске асырыла алатындығы (оны жүзеге асыру мүмкіндігі, идеяның атқарылуы); - тиімділігі (оптималды қаржы ресурстарын тартып, шектелген уақыт ішінде идеяны іске асыру мүмкіндігі); - трансформациялануы (оны өмірдің қилы салаларында қолдану мүмкіндігі); - әсер ету ауқымдылығы (идеяны жүзеге асырудан қанша адамға пайда келетіндігі).

  11. Есте сақтаған жөн! • Конкурстық өтінімдер негіздемесі бар көкейкесті проблемалардың инновациялық шешімдерін беретін идеяларды ұсынуы тиіс. • Конкурстық өтінімдерде көрсетілген шешімдер техникалық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрғылардан алғанда тиімді болуы қажет.

  12. Қосымша ақпаратпен i-kaz.kz сайтында танысуға болады. Байланыс ақпараты: info@i-kaz.kz Тел.: +7 7172 97 43 23/24 Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Республика даңғылы, 32, 1 қабат, 102 каб.

More Related