1 / 64

Ауқымды желілер ИНТЕРНЕТ қызметі

Ауқымды желілер ИНТЕРНЕТ қызметі. Жоспары. Желілер дамуының қысқаша тарихы Қазіргі Интернет жүйесінің үш бөлігі Интернет тің негізгі түсініктері Интернет желісін ұйымдастыру негіздері Интернет қызмет баптары. 1. Желілер дамуының қысқаша тарихы.

guido
Télécharger la présentation

Ауқымды желілер ИНТЕРНЕТ қызметі

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Ауқымды желілер ИНТЕРНЕТ қызметі

  2. Жоспары • Желілер дамуының қысқаша тарихы • Қазіргі Интернет жүйесінің үш бөлігі • Интернеттің негізгі түсініктері • Интернет желісін ұйымдастыру негіздері • Интернет қызмет баптары

  3. 1. Желілер дамуының қысқаша тарихы Өткен ғасырдың 60-ж.алғашқы компьютерлік желі жасалып, ол Калифорния университетін, Массачусет технологиялық институтын жәнеRANDәскери ғылыми-зерттеу орталығын байланыстырды. (Ол ядролық жарылыс болған жағдайда елді басқару үшін қажет деп есептелді) Желіге қойылған басты талап – қандай жағдай болса да, мәліметті бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу болып саналды. Желіге оның басым бөлігі істен шықса да, қалған жағы дұрыс жұмыс істей беруі тиіс деген талап қойылды.

  4. Пакеттерді (дестелерді) байланыс-тырудың жаңа технологиясы Дестелерді байланыстыру принципіберілген мәлімет шағын бөліктерге – десте-лерге бөлінді.Дестелер желі бойынша бір-бірінен тәуелсіз қосылған арналармен бірнеше желіаралық байланыс тораптары арқылы жет-кізіліп отырды. Сондықтан бір мәліметтің екі дестесі баратын адреске бір-бірін қайталамай, тек өз маршрутын анықтап бара береді. Қажетті адреске келіп түскен дестелер қайтадан біріктіріліп, адресатқа толық мәлімет түрінде берілетін болды.

  5. Дестелерді осылай байланыстыру-дың артықшылықтары: • мәліметті тасымалдау жылдамдығы өте жоғары; • оның жеткізілуі өте сенімді; • байланыс орнатылуы өте икемді болды.

  6. Желіні басқару жеңіл болуы үшін желі бір ортадан басқарылмай-тын (децентрализация) болды, яғни барлық желі тораптары бірдей құқықты болып есептелді. Әрбір желі торабы мәліметтерін өздері жөнелтеді/қабылдайды және басқа жақтан келген мәліметтерді адрестеріне сәйкес ары қарай жөнелтеді (маршруттайды).

  7. 1969 ж. ARPANET желісі құрылды, ол АҚШ-тың бірнеше әскери, ғылыми және білім беру орта-лықтарын бір-бірімен байланыстырды. 1970 жылдарыInternet (желілер желісі) – желілерді біріктірутермині пайда болды. Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж.Желілердіңфизикалықнегізі болып табылатынTCP/IPпротоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғанажүзеге асырылды.

  8. 2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.1993 - 1996 жылдар аралы-ғында жыл сайын Интернет-ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастапбұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.

  9. Жер шары тұрғындарының Интернетке қосылу темптері Барлығы : 120 230 Барлығы: 100 170 Барлығы : 80 Интернетке қосылғандар саны, млн. адам 131,4 Барлығы 97,3 60 Барлығы 68,7 40 20 0 1997 1998 1999 2000 2001 АҚШ Батыс Европа Жапогия, Оңтүстік-шығыс Азия Қалғандары

  10. 2. Қазіргі Интернет құрамының үш бөлігі • техникалықнемесе аппараттық компонент; • программалық компонент; • информациялық компонент.

  11. Аппараттықкомпонент: • Компьютерлердің әртүрлі модельдері мен жүйелері, • кез келген физикалық негіздегі байланыс арналары, • компьютерлер менбайланыс арналарынбайланыстыратынмеханикалық және электрлікқұрылғылар.

  12. Бір-бірімен байланысқан компьютерлер жүйесін суретшілер көзге осылай елестетеді

  13. Интернет жазықтықтағы емес кеңістіктегі құрылымнан тұрады. Оның мәлімет тасымал-дауы мыналар арқылы орындалады: • байланыстыңкабельдік арналары, • байланыстыңспутниктік арналары, • Радиореле жүйелері арқылы, • кабельдік теледидар және басқа да арналар арқылы. • Интернеттің физикалық архитектурасын кез келген байланыс арналары – кәдімгі немесе енді шығып жатқандары да - атқара алады.

  14. Волоконно-оптический кабель Желідегі компьютерлер әртүрлі байланыс арналарымен мәлімет ала алады

  15. Программалық компонент Бұдан бұрын айтылғандай,Интернеттің аппараттық құралдары кез келген фирманың компьютерлерінен, әртүрлі физикалық принциптерде жұмыс істейтін байланыс арналарынан тұрады. Техникалық тұрғыдан алғанда бір-бірімен сәйкес келмейтін құрылғылар желіге қосылған компьютерлерде орнатылған программалық жабдықтамалардың арқасында біртұтас құрал тәрізді бірігіп үйлесімді күйде жұмыс істей алады.

  16. Программалар: • мәліметтерді кез келген арна арқылы жөнелтіп, кез келген компьютерде оларды қабылдап алып, бастапқы қалпына келтіре алатындай дәрежеде түрлендіре алады; • жұмыстың бірыңғай хаттамалармен жүзеге асырылуын қадағалап отырады; • 3. бөлініп тасымалданатын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді; • 4. Желіні бақылап отырады, егер арналар бөлігі істен шықса немесе қалыптан тыс мәліметі көбейсе, оларды басқа бағыттағы арна жол-дарымен тасымалдауды қамтамасыз етеді.

  17. Программалар функциясы: • информациянысақтау, іздеу, жинақтау, бастапқы қалпына келтіру; • Желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау; • аппаратураныңфункциональдықүйлесімдігінқамтамасыз ету.

  18. Программалық жабдықтамалар екі топқа (класқа) бөлінеді: • сервер-программалар,тұтынушылар компьютеріне қызмет ететін желі торабында (негізгі түйінді компьютерде) орналасады; • клиент-программалар,тұтынушылар компьютерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

  19. Информациялық компонент Информациялық компонент Интернеттегіжелілік құжаттардан, яғни Желіге қосылған немесе Желіге кіретін компьютерлерде сақталатын құжаттардан тұрады.

  20. Информациялық компоненттіңнегізгі ерекшелігіне оның компьютерлерде таралып орналасатындығы жатады. Интернетте сақталатын кітапты оқу кезінде, оның мәтіні желідегі бір компьютерден, дыбысы мен музыкасы – екіншісінен, графиктері — үшіншісінен, алескертулері — төртіншісінен келуі мүмкін. Желідегі жазылып сақталатын құжаттар бір-бірімен жеңіл байланысатын икемді сілтемелер жүйесімен жабдықталған.Осының нәтижесінде өзара байланысқан мың миллиондаған құжаттар біртұтас информациялық кеңістік құрайды. Осы кеңістік өрмекшінің торына ұқсайды. Оған кез келген жіп арқылы кіріп, ары қарай өз қалауыңызша құжаттарды аралап көріп, олардың бірінен біріне ауысып өрмекті зерттей беруге болады.

  21. Аппараттық және информациялық компоненттер арасындағы қатынас Интернеттің аппараттықбөлігінің құрылымымен информациялықкеңістігі құрылымы өте ұқсас. Оның екеуінде де басқа объектілермен біреуі – көппенен бай-ланысқан принциптегі объектілер бар. Интернеттің ап-параттыққұрылымы бойынша әрбір компьютер көпте-ген компьютерлермен байланысқан. Осындай байла-нысу архитектурасыЖелі (Сеть - Net)деп аталды. Информациялық құрылымда да әрбір құжат басқа көптеген құжаттармен байланысқан, мәліметтердің осылай байланысуы архитектурасыӨрмек (Паутина -Web)деп аталады.

  22. Егер бізге алыстағы компьютерге қосылу керек болса (құжат алу үшін ғана емес, орбиталық телескопты басқару үшін де болуы мүмкін), ондаЖелі ұғымдарын пайдаланамыз,ал информациялықкеңістіктен құжат іздесек,онда Өрмек (Web) ұғымдарын қолданамыз.

  23. 3. Интернеттің негізгі ұғымдары Интернет — біртұтас ауқымды (глобальдық) компьютерлікжелі, оның барлық жүйелері хаттама деп аталатын бірстандартпен жұмыс істейді.Көбінесе Интернет сөзінің синонимі ретінде бас әріппен жазылған Желі сөзі айтылады.

  24. Ауқымды желілер тұтынушыларға әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Олар желі бойында таралып сақталған мәліметтер базасымен жұмыс істеп, электрондық пошта арқылы хат алысуға, телеконференцияға қатысуға, нақты уақыт кезеңінде басқалармен сөйлесуге, файлдармен алмасуға, т.с.с. мүмкіндіктер береді. Әрбір қызмет бабы (кейдеқызмет, сервис деп те айтады) өз заңдылықтары-мен (хаттамаларымен) жұмыс істейді.

  25. Әрбір қызмет бабы үшін өзіндік сервер- программажәнеөзіндікклиент- программа қажет болады. Мысалы, электрондық поштасерверлерімен клиенттері, телеконферен-циялардың да өз серверлерімен клиенттері болады. Қазіргі кездегі браузерлер(навигаторлық программалар, сілтеуіштер, көрсеткілер) біртіндеп желінің бірнеше функцияларын қатар атқарып, «әмбебап»клиент-программалар рөлін ала бастады.

  26. Сервердеп сервер-программалар орнатылған негізгі компьютерлерді де айтады. Бір сервер-компьютерде бірден бірнеше сервер-програм-малар жұмыс істей алады.Көбінесе «сервер» деген сөз компьютерді білдіреді. Интернетауқымды желісі бір-бірімен байланыс арналарымен қосылған түйінді компьютерлер (коммутациялықжабдықтар мен серверлер) жиынынан тұрады. Әрбір түйінде (торапта) UNIXоперациялық жүйесінде жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты сервер-компьютерлер болады. Осындай түйін немесе торап көбінесе хост деп аталады.

  27. Айна— қашықта орналасқан көп мәліметі бар сервердің көшірмесі сақталатын компьютер.Айна желі арналарындағы мәліметтер тығыздығын азайту үшін және информацияны тасымалдау жылдамдығын арттыру мақсатында қолданылады. Айнадағы мәліметтер жиі-жиі жаңартылып отырады.

  28. Хаттама (протокол) – желі бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін мәліметтер форматы мен байланысу ережелерінің жиыны. TCP (transfer control protocol) - мәліметтерді пакеттерге бөліп тасымалдауды жүзеге асыратын хаттама түрі. IP (Internet protocol) -желідегі пакеттерді адрестеу хаттамасы

  29. Базалық (негізгі) протоколдар,Интернеттегі компьютерлер арасында кез келген электрон-дық мәліметті физикалық түрде тасымалдауға жауапты хаттамалар (IPжәнеTCP). Бұлар бір-бірі-мен өте тығыз байланыста жұмыс істейтіндіктен олар-ды көбінесе бір сөзбен «TCP/IPпротоколдары» деп айта береді; • қолданбалы протоколдарИнтернеттегі арнайы қызмет баптарының жұмысын қамтама-сыз ететін жоғары деңгейдегі хаттамалар:http протоколдары (гипермәтіндік мәліметтерді тасымал-дау), ftp протоколы (файлдарды тасымалдау), telnet протоколы (қашықтан қатынасу), SMTPжәнеPOP 3- электрондық пошта хаттамалары, т.б.

  30. Интернетпен байланысу Интернетке тұтынушыларды қосу ісін атқарушылар – провайдерлер(ағылшыншаprovide – қамтамасыз ету)деп аталады – олар кез келген компьютерді (ұйымды немесе жеке тұлғаны) Интернетпен байланыстыруды жүзеге асыратын мекеме.

  31. Провайдерлерді мынадай топтарға бөледі: • халықаралық • ұлттық • Аймақтық (региональдық)

  32. Желідегі ком-пьютерлердіңбайланысу схемасы: одан тұтынушылар Интернетке жергілікті же-лілер арқылы немесе тікелей кез келген провайдерге қосылу жолы-мен шыға алатыны көрінеді.

  33. Шлюз (тоған) — әртүрлі протоколдармен жұмыс істейтін желі бөліктерін бір-бірімен байланыстыруға арналған программалық-аппараттыққұрал. Шлюз әртүрлі желілер мәліметтерін бір-біріне сәйкес келетіндей етіп түрлендіреді.

  34. Прокси-сервер Прокси-сервер (Интернет пен жергілікті желі арасында тұрады) — желідегі мәлімет тығыз-дығын азайтып, тасымалдау жылдамдығын өсіру үшін пайдаланылатын байланыс компью-тері. Прокси-серверде тұтынушылар көп қажет ететін мәлімет белгілі бір уақыт кезеңінде сақталып тұрады. Егер бір тұтынушы жақын арада бір Web-пар-ақты қараған болса, екінші тұтынушы да сол мәліметті керек етсе, ол оны прокси-серверден алады.Екінші тұтынушы мәліметті түп нұсқа-дан алдым деп ойлайды.

  35. Брандмауэр –мәліметтері қорғалған желіге рұқсатсыз қатынасуды (кіруді) болдырмайтын аппараттық-программалыққұрал (желіаралық экран). Желіаралық экран екі желі арасындағы мәліметтер ағынын бақылап, белгілі бір «информациялық мембрана» рөлін атқарады. Мұнда экранды одан өтетін мәліметті талдап сүзгіден өткізетін бірнеше фильтрлер жиыны деп қарауға болады. Брандмауэр өзінде орнатылған алгоритмдер негізінде келіп түскенмәліметті өткізе ме, жоқ па – шешім қабылдайды. Оған қоса, брандмауэр барлық «заңсыз» мәлімет алуға тырысқан жағдайлар туралы хабар жинап, «дабыл қағады» десе де болады.

  36. Маршруттауыш (Router) — бірнеше арналармен қатар жұмыс істеп, келіп түскен кезектегі мәліметтер блогын (пакетті) солардың біріне жөнелтетін құрылғы. Маршруттауыш келіп түскен пакеттің тақырыбында жазылған адреске сәйкес бір арнаны таңдап алады. Маршруттауышәрбір пакет үшін, ол баруға тиіс адреске баратын жолды жеке таңдайды. Информацияны тасымалдау жолын таңдап алу процесін маршруттау деп атайды.

  37. Провайдер маршруттауышы Модем Интернет Арнайы бөлінген арна Модем Тұтынушы маршруттауышы Брандмауэр, Прокси-сервер Тұтынушының жергілікті желісі Байланысу құрылымы

  38. 4. Интернет желісін ұйымдастыру принциптері IP-адрестеу Интернетке қосылған әрбір ЭЕМ-нің өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады. (IP-адресі). Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы - 0 мен 255 санының арасындағы кез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы: 194.84.93.29немесе 128.29.15.124 Осылай адрестеу жүйесі 2564 4,3 миллиард компьютер адресін анықтай алады. Дәлірек айтқанда физикалық адрес 32-разрядты екілік сан (4 байт) ретінде жазылады.

  39. Физикалық адресті пайдалану ыңғайсыз (адамдарға цифрлар тізбегін есте сақтау қиын), сондықтан мұндай адрестерге символдық(домендік) адрестерді сәйкестендіреді.Символдық адрестер белгілі мағынасы бар сөз тіркестерінен тұрады. Символдық немесе домендік адрестер былай жазылады: протокол://машина аты.домен аты[/каталог/ подкаталог/файл аты]

  40. Бірінші орында көрсетілетін қызмет протоко-лы тұрады, мысалы,http. Келесі ЭЕМ аты, онан кейін домен аты, мысалы, http:/www.microsoft.com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог аты мен файл аты (Web-парақ), мысалы, /mpress/cpnew.htm. Бірнеше домендік адрестерден мысал келтірейік: http://www.bilim.kz ftp://ftp.mathsoft.com http://www.translate.ru/ras/erre.asp

  41. Домен Аймақ (Регион) by Беларусь uk Ұлыбритания uz Өзбекстан kg Қырғызстан kz Қазақстан ru Ресей us АҚШ ua Украина Аймақтық домен аттары Домен аты 2—4 сөзден тұрады, жоғарғы (оң жақ шеткі)домен желі торабы орналасқан елді немесе ұйымның типін (АҚШ-та) көрсетеді.

  42. Атқаратын жұмысына қарай берілетін домен аттары

  43. Домендік аттар қызметі Домендік аттар қызметі(Domain Name Service, DNS) домендік аттарды санмен жазылатын IP-адреске түрлендіреді.Осындай түрлендіру жұмыстарын атқаратын компьютерлердіDNS-серверлер деп айтады. DNS-ке дейін осындай домендік адресті IP адреске түрлендіруге қажет информация hostsфайлдарында жазылды. Host– хост - компьютер, басты компьютер.

  44. hosts файлдарының мысалдары 127.0.0.1 localhost 194.85.163.10 mkk.ifmo.ru 194.85.163.18 s2.ifmo.ru 194.85.163.19 suncis.ifmo.ru 194.85.163.21 asun.ifmo.ru 194.85.163.98 ets.ifmo.ru 194.85.163.146 pks.ifmo.ru 194.85.163.196 material.ifmo.ru 194.85.163.225 fxvio.ifmo.ru 194.85.163.242 cde.ifmo.ru

  45. Домендік аттардың құрылуы ns.ru ns.com ns.sun.com ns.ifmo.ru sun com ifmo ru press.sun.com cde.ifmo.ru

  46. 5. Интернеттің қызмет баптары • Информацияны тарату қызметтері: WWW, Gopher, FTP, Telnet. • Электрондық түрде мәлімет алмасу қызметтері: Е-mail, Usenet, Maillists, ICQ, IRC, IP-телефония.

  47. «Дүниежүзілік өрмек» (World Wide Web, немесеWWW,немесежай «веб») - Интернеттегі электрондықбаспа мен кітапхана жұмыстарын біріктіреді. Тұтынушы үшін Интернеттегі бар мәлімет көптеген авторлардың қатысуымен жазылып жатқан өте үлкен бір ғана құжат, оның өрмек тәрізді ішкі бөліктері бір-бірімен көптеген сілтемелермен байланысқан, сондықтан оны Дүниежүзілік өрмек дейді. Интернеттегі басылымдар ерекшелігі - мультимедиа мүмкіндіктерін кеңінен қолдану (бейнелер, дыбыс, бейнероликтер), құжат ішіндегі басқа парақтарға және басқа компьютерлерде сақталған құжаттарға да сілтеме жасау.

  48. World Wide Web қызметі World Wide Web (Дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі бір құрылымдық құжатта (Web -парақта) әртүрлі информациялық элемент-терді (мәтін, бейне, дыбыс) біріктіруге мүм-кіндік беретін информацияны орналастыру жүйесі, мұндағы кез келген құжат ішіне желінің басқа компьютерлерінде орналасқан құжаттарға сілтеме жасауға болады. Бір мақсатқа жету жолында өзара сілтеме-лермен байланысқан Web-парақтар жиыныWeb-сайт (Web-торап) деп аталады.

  49. МАЗМҰНЫ 1. Жалпы мәліметтер 2. Жұмыс технологиясы 3. Қорытынды ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ Егер түсінбей қалсаңыз, алдыңғы бөлімге ауысыңыз, әйтпесе – қорытындыларға барыңыз ҚОРЫТЫНДЫ Оқып болған соң, мазмұнға аусыңыз ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР Осы бөлімді оқыған соң жұмыс технологиясы бөліміне ауысу керек Web – сайт мысалы

  50. Web-парақтар арнайы құрылған HTML (Hy-per Text Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі - язык разметки гипертекс-та) тілінде жасалады да, желі бойынша HTTP (Hyper Text TransferProtocol – гипер-мәтінді тасымалдау протоколы – прото-кол передачи гипертекста)протоколы көмегімен таралады. Web – парақтарды көру үшін көрсеткі(обо-зреватель)немесе навигатордеп аталатын арнайы программа(Internet Explorer, Netscape Navigator, Mosaic) қажет.Оны броузер (browser) деп те айтады.

More Related