1 / 12

«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия»

«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия». Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасың аға оқытушысы:Нұрмаханова Н.Ж.

ondrea
Télécharger la présentation

«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия»

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. «Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия» Қазақстантарихыжәнеәлеуметтік – саясипәндеркафедрасыңаға оқытушысы:Нұрмаханова Н.Ж

  2. Мақсаты: Студенттер осы дәріс тақырыбын игеруді аяқтаған кезде арабтық- мұсылмандық философияны, оның негізгі бағыттарын және қарастырған мәселелерін егжей –тегжей білуге тиісті. Дәріс жоспары: • Арабтық- мұсылмандық философияның мәдени - әлеуметтік және рухани контексті. • Араб тілдес перипатизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл – Кендии, Әл – Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд. • Дүниенің исламдық моделі. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен ролі. • Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы: А. Иүгінекидің, М. Қашқаридің философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидың суфилік ілімінің түп негізгі идеялары мен принциптері.

  3. № 1 Мәселелі сұрақ (есеп) Екі дос бір қызға ғашық болады. Екеуі не істерін білмей әбден сасады, өйткені екеуіде бір - бірінің көңілін қимайды Осылайша олардың қысылып жүргенін сезген қыз оларға мынадай талап қояды: Кімнің аты озып келсе мен, соның қалындығы боламын. Сөитіп екі дос ерсілі-қарсылы атпен жарысып жүреді. Бұны байқаған бір қария екеуінен жөн сұрайды. Екі дос мән-жайды түсіндіреді Дана қарт оларға кенес береді . Ол қандай кеңес еді? Кеңес берген Дана қарт кім еді?

  4. Әл-Фараби өзінің “Бақытқа апаратын жол атты енбегінде бақытқа жетудің жолдарын көрсетеді”. Философтың пікірінше бақыт дегеніміз не және оған қалай жетуге болады? № 2 мәселелі сұрақ

  5. Арабтілді философия Орта ғасырлық арабтілді философия дамуы Арабтардың ықпалында болған және Орта Шығыс халықтары мен арабтар жасаған философияны айтады. Ортағасырда философияны негіздеуге атсалысқандар түрлі ұлттардың өкілдері болғанмен өз еңбектерін бәрі де араб тілінде жазғандықтан, “араб философиясы” емес, “арабтілді философия” деп атау қабылданған. 1.VII-IXғғ – арабтілді философияның тууы мен қалыптасуы 2.IX-XVғғ –арабтілді философияның ежелгі грек философиясын қабылдауы, игеруі. Арабтілді философияның араб-грек философиясынаайналуы. • Бірінші кезеңдегі негізгі бағыттар: Мутакаллимдер мектебі • Мутазилиттер мектебі • суфизм Радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды. • (“суф” – “жүн шекпен киген адам”; “саф”, “сафа”- “тазалық”; “сафуа”- “таңдаулы болу” деген мағыналар гректің “софос”- “даналық” сөзінен алынған). Суфизм – адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнау. Суфизм аскетизм, мистиканы жоғары игілік деп есептейді. Ислам философиясын дамытқанымен, кейбір мәселелерді материалистик тұрғыдан түсіндірді. Мысалы: 1.Исламның дамуының жаратылуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазылуы, т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді; 2.Құдай туралы антропоморфты түсінікті(Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді; 3.Құдай мен Әлемді бір деп жариялады; 4.Адам ақылының күшіне сенді; 5.Адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенді.

  6. IX ғасырда араб философияның жаңа, II кезеңі басталады 1. Медицина мен жаратылыстану саласындағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеалардың күшеюі; 2.Ежелгігрек философиялық идеаларының енуі нәтижесінде араб философиясына айналуы; II ғасырда европаландырылған арабтілді философияының қалыптасуына үлес қосқан философтар: • Әл Кинди • Әл Фараби • Ибн Сина(Авицина) • Ибн Рушд(Аверроэс)

  7. Әл Кинди(800-879) Араб философиясын европаландыруға алғашқы қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарғаежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әдісімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т.б материалистік идеалар жетті. Сонымен қатар, Әл Кинди өз заман үшін ревалюциялық мәні бар идеаны – адам ақылының дүниені тани алатының жариялады және ғылыми танымның ақиқат білімге апаратын үш сатысын жіктеді: • Логикалық материалистік • Ғылыми жаратылыстық • метафизикалық(философиялық) Әл Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі бола алады. ӘбуНасырӘл-Фараби (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы)ӘбуНасырМұхаммад ибн Тархан ибн Узлағәл-Фараби(870-950ж. ш.) - әлемгеәйгіліойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. АбайдыңФарабиеңбектеріментаныстығыжөнінденақтылымәліметтержоқ. ДегенменСағдидық: «... философияға, даналыққазормәнберген Абай әл-Фараби, ибн Синаларментанысболуыменбірге осы ғақпияларкітаптарынан да мағлұматы бар еді» Әл Фараби(870-950) Араб философиясын жаңа деңгейге көтерген ойшыл. Ибн Сина: Мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизм әжуалады. Философияны діннен ажыратуға тырысты Философия адам ақылының жетістіктерін жүйелейтін дербес ғылым деп есептеді Философиялық идеаларды жаратылыстаным ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарын енгізді Құдайдың бар екенін мойындағанымен, оның құдіретінің шексіздігіне күмән келтірді. Ибн Сина(980-1037) Араб философтарының ішіндегі Европаға танымалы арі ең әйгілісі болды. Ибн Рушд мұсылмандық Испанияда өмір сүрді және батысараб-европалық философия өкіліне айналды. Ол Европаға кең тарап, католицизм мен схоластикаға қарсы шыққан аверроистік философияны жасады. Ибн Рушд философиясы материалистік негізде және араб философиясының озық ойларымен жүйеленіп, өңделген Аристотель ілімінің синтезі түрінде қалыптасты. Ибн Рушд(1126-1198)

  8. Мұсылман философиясының түрлері Мұсылмандық философияның ең бірінші түрі КАЛАМ деп аталады. Xғ мұсылмандық (Батыс және Шығыс) перипатетизм(аристотелизм) дамыды. Мұсылмандық философияда маңызды орынды мистикалық философия(суфизм) иеленді. Калам VIII-XV ғ мұсылмандық философиядағы ағымның атауы(арабтың “калам” сөзі “әңгіме”, “ойтолғау” мағынасын береді). Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды “мұсылмандық схоластика” деп атауға болады: калам исламдағы діни идеаларды рационалды тұрғыдан негіздеудің алғашқы талпынысы. Ортағасырлық дәуірдегі европалық схоластика сияқты, калам да мұсылмандық мәдениетте “құдайтанудың қызметшісі” рөлін атқарады. Калам да христиандық философия сияқты, антикалық философияға екіұдай қатынасты ұсынады: мұсылмандық ойшылдардың бірі антикалық философияны білу-діни сенім ақиқаттарын терең түсіну үшін қажет деп санаса, екіншілері философияны білу қажеттінің бәрі Құран деп сенді. Араб авторларының бірінде калам туралы: “калам – философтардың метафизикасын терістеу үшін – Құдай, оның атрибуттары және ислам заңдары бойынша болуы мүмкін, нәрселердің шарттары туралы ілім” деген анықтама берді. Каламның даму тарихы мынандай кезеңдерге жіктеледі: Алғашқы кезең (VII соңы-VIII ғ басы аралығы). Өз дамуының алғашқы кезеңінде калам мұсылмандық құдайтану шеңберінде дамыды. Бұл кезеңде иудаизм мен христиандық діндер өкілдерімен жүргізілетін полемика маңызды орында. Кең талданатын орталық мәселелерге мыналар жатады: Үлкен және кіші күнәлар мәселесі. Олардың ара-жігін ажырату және ұлы күнә жасаған адам статусы, яғни содан кейін де ол мұсылман болып қалама? Құдіреттің жазуы-ислам догматтары бойынша Алла әрбір адамның тағдырын ол туылғанға дейін белгілеп қояды. Құдіреттің жазуын мойындау адамның өзі жасаған әрекеті мен күнәләрі алдыңдағы жауап кершілік туралы мәселе қояды: “Адамның күнәға бататындығы Алланың жазуы болса, сол үшін адам жауапта ма? Жоқ па?”

  9. 2.Мутазилиттік кезең(VIII-Xғ ортасы) Мутазилиттік кезең Хасан аль Басри(728ж дүние салған) мен оның шәкірттері әрекеттерінен басталады. Ежелгігрек философиясынның әдістері мен идыаларын философиялық зерттеуге қолдануды дәл осы мутазилиттер бастады. Сондықтан мұсылмандық философиядық философияның тарихы белгілі дәрежеде ислам теологиясынан бөлініп шыққан мутазилиттерден басталады деуге болады. • Мутазилиттер Құранды догма ретінде қарастыруға қарсы шығып, оның оның аллегориялық тұрғыдағы түсіндірмелік сипатын жақтады. • Құранның мәңгіліктігі тезисіне қарсы шығып, оның жаратылғандығы идеасын жақтады. • Олар құдіретті жазу догматына қарсы шығып, адам еркінің бостандығы идеасын демек, адамның өз іс әрекетіне жауаптылығын қорғады. • Мутазилиттер дүниенің атомарлы құрылымы туралы түсінікті жақтады; атомдар – әрқайсысын әрдайым Алла басқарып отыратын бөлшектер деп түсінілді. Мутазилиттер жиі талдайтын мәселе қатарына Жаратушы мен алғашқы жаратылу, және Құдай атрибуттары туралы сұрақтар енді. Ортодоксалды каламның классикалық кезеңінің негізін қалаушы –өз әрекетін мутазилит ретінде бастаған әл-Ашади (873-935), Матуриди (941) және әл-Газали (1058-1111) болып табылады. Ортадоксалды каламның толық қалыптасу уақытын Халиф әл Каирдің 1041жылғы мұсылмандық “сенім символдарын” жариялап, келіспеушілермен пікір таластыруға тиым салатын жарлығымен байланыстырады. 3.Классикалық кезең(VIII-Xғ )

  10. Ақынның «Құттыбілік» поэмасынанбасқажазғанкөптегенрубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларыныңішіненоның 600 жолданастамрубаиларытабылған. Олардың да поэзиялықкөркемдігіжоғары, философиялықтолғамдарытерең. Түріктілдесфилософияныңқалыптасуы. Негізгіеңбегі «Диуанилұғатат-түрік» («Түркісөздерініңжинағы») депаталады. Сөздіктеерекшетәлімдік-тәрбиелік, ғибарттықмәні бар мақал-мәтелдер мен қанаттысөздержиікездеседі: «Ақылымды ал, ұлымменің, рақымшыл бол, әулетіңніңағасы бол, ақылшыданасы бол, білгеніңдіортақтас…» , «Ұлымменің, ақылсеніңсерігің», «Ашу-ызаақылыңдыалады, мажымамылжыңдүниеңдітарылтады». • Ахмед Иүгінекиқысқашатақырыптарғабөліп, ислам құндылықтарынанегізделгенөлең-жырларынөміргекелтіребастайды. Кейінбұлжәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқатсыйы”) депаталатындидактикалықөлеңдержинағынаайналған. Мазмұны, танымдықнәріжағынаналғанда “Ақиқатсыйы” — ӘбуНасырәл-Фараби, МахмудҚашқари, жылыБаласағұни, ҚожаАхметИасауимұраларыменіштейастасып, 9 — 13 ғ. аралығындағытүркідүниесініңруханиқазыналарыныңжарқынтуындысынаайналды. • ҚожаАхметЙассауи– түркістандықғұлама, әулие. ҚожаАхметЙассауидыңарғытегіқожаларәулеті. Әкесі – Исфиджабтадаңққабөленгенәулие, ӘзіретӘлініңұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – МұсашейхтыңқызыАйша (Қарашашана). Мұса шейх те Исфиджабтаәулиелігіментанылған. Оныңбүгінгіұрпаққажеткенкөлемдішығармасы — «ДиуаниХикмат» (Хикматжинақ). Бұлшығармаалғашрет 1878 ж. жекекітапболыпбасылыпшығады. СоданкейінолЫстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларындабірнешеқайырабасылады. Соныңбірі 1901 ж. ҚазандаТыныштықұлыныңқазақтарғаарнапшығарғаннұсқасыболатын.Төрттармақтыөлеңменжазылғанбұлшығармасындаақынөзінің бала күніненпайғамбаржасынакелгенгедейінөміржолынбаяндайды, тіршіліктетартқаназабын, көргенқайғысынайтады, бұхарахалыққаүстемдікжүргізушіхандардың, бектердің, қазылардыңжібергенкемшіліктерін, жасағанқиянаттарынсынайды, бұлфәнидіңжалғандығынбілдіреді.«ДиуаниХикматтан» түркіхалықтарына, соныңішіндеқазақхалқына, ертедегімәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасынақатыстыбағалыдеректертабуғаболады.

  11. Әдебиеттер: • Негізгі: • Ахмет Иассауи Диуани хикмет Қазан 1964. • Баласағұн Ж. Құтты білік Алматы 1986 • Қашқари М. Түбі бір түркі тілі Алматы 1993 • Қосымша: • Әбішев Қ. Ерғалиев У. Әлеуметтік философи. Хрестоматия Алматы, 1998 • Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері Алматы 2000 • Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамедәли Қ., Философия тарихы Алматы 1999 • Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы 1991 • Келімбетов М. Ежелгі әуір әдебиеті Алматы, 1991 • Бақылау сұрақтары (кері байланыс) • Перипатизм деген не • Не себепті Әл Фараби Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанды • Ибн Рушдтың «Екі ұдайы» ақиқатының мәні неде • Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл- Ғазалидің үлесі • Суфизмнің негізгі рухани құндылықтарын атаңыз • Ахмет Иассаумдың суфисттік ілімінің түп негізі • Батыс елдерінің философиясына суфизмнің әсері болды ма • Ж. Баласұғынның «Құтты білігі» туралы не ой түйдіңіз

  12. Назар салғандарыңызға рахмет!!!

More Related