1 / 33

Нейрокогнитивт і зерттеулер және ерте жастағы тіл үйрену

Нейрокогнитивт і зерттеулер және ерте жастағы тіл үйрену. Тимоти Рейган Жоғары білім беру мектебі Назарбаев Университеті 24 қазан 2014. Шығу тарихы.

Télécharger la présentation

Нейрокогнитивт і зерттеулер және ерте жастағы тіл үйрену

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Нейрокогнитивті зерттеулер және ерте жастағы тіл үйрену Тимоти Рейган Жоғары білім беру мектебі Назарбаев Университеті 24 қазан 2014

  2. Шығу тарихы • Нейролингвистика ғылым ретінде 19 ғасырда өмір сүрген екі тұлға – Поль Брока және Карл Верникеден бастама алады. Аталған екі ерте нейролингвистер тіл патологиясына көңіл бөлген және екеуінің жұмысы біріге отырып, бізге адам миындағы тіл физиологиясы жөнінде айқын түсінік береді.

  3. Поль Брока: Карл Вернике:

  4. Поль Брока • Поль Брока француз дәрігері. Оның қарамағында күрделі тілдік ауруға шалдыққан науқас болған. Науқас басқалардың сөздерін оңай түсіне алған, алайда өзі («тан» сөзінен басқа) сөйлей алмаған. • Науқас қайтыс болғаннан кейін Брока оның миын ашып қарап, оның алдыңғы бөлігінің қатты зақымданғанын анықтай алды. Сөйтіп ол ми қыртысының осы бір бөлігі сөйлеу қабілетіне жауап беретінін айтқан (1861). Қазіргі таңда аталған ми бөлігі Брока орталығы деп аталады.

  5. Карл Вернике • Карл Вернике де күрделі тілдік ауруға шалдыққан науқаспен жұмыс жасаған неміс дәрігері.Брокамен салыстырғанда, Верниканың қарамағындағы адам, керісінше, жақсы сөйлей алған, бірақ өзгелердің айтқандарын түсінбеген. • Брока сияқты ол да, науқас қайтыс болғаннан кейін, оның басын ашып көріп, есту қабілетіне жауап беретін ми бөлігінің дәл артында тұрған ми қыртысының самай бөлігінің үстіңгі жағы зақымданғанын көрген. Ол осы бөлік сөздерді қабылдауға жауап беретінін айтқан (1876). Мидың осы бөлігі қазір Верника орталығы деп аталады.

  6. Брока және Вернике орталықтары

  7. Ми латеризациясы • Вернике мен Брока ашқан ми бөліктері мидың сол жақ жартышарында орналасқан. Бұл өте маңызды нәрсе, себебі бұл сөйлеу және есту қабілеттеріне жауап беретін ми қыртысының бөліктері сол жақ жартышарда шоғырланатынын көрсетеді. • Негізі, тілдік латеризация бұған қарағанда әлдеқайда күрделі дүние.

  8. Тілдік қабілеттер негізінен мидың сол жақ жартышарында шоғырланған:

  9. Тілдік орталықтар көбінесе адам миының сол жақ жартышарында орналасқанымен, бұл барлығына бірдей ақиқат емес. Сол жақтық латерализация оңқай ер адамдардың 95% және оңқай әйел адамдардың 90%-натән болса, солақай ер адамдардың 73%және солақай әйел адамдардың 61%-ныңсөйлеу және есту қабілеттеріне жауап беретін орталықтар оң жақ жартышарда орналасқан. Осылайша, адамның жынысы мен «қай қолмен жұмыс жасауы» тілдік латеризацияға әсер етеді.

  10. Оған қоса, адам жасы да тілдік латеризацияға өз әсерін тигізеді. Адамның 5-20жас аралығында тілдік латеризациябасым түсетін ми жартышарына қарай өседі, кейін 20-25 жас аралығында ол өсуін тоқтатады. 25 жастан кейін доминантты жартышардағы тілдік латеризация біртіндеп өше бастайды. Бұл процесс 70жасқа дейін жалғасады.

  11. Ғылыми әдебиеттің екі мета-анализінде Хул және Вейд миына зақым келмеген қостілділердің әр тілдің функционалды ми латеризациясына әсер ететін екі ауыспалының ара-қатынасын зерттеген. Фунционалды латеризацияға бірінше кезекте адамның екі тілде сөйлей бастау жасы аса қатты әсерін тигізеді: 6 жасқа жетпей екі тілде сөйлей бастаған адамдарда екі тіл үшін екі жартышар да жауапты екені анықталды. Ал6 жастан кейін екі тілде сөйлей бастаған адамдарда екі тіл үшін көбінесе сол жақ жартышар жауапты екені анықталды.

  12. Сонымен қатар, екі тілде кеш сөйлей бастаған қостілділер арасында - екінші тілде аса сөйлей алмайтындар, екінші тілі ағылшын тілі болып табылатын адамдар және тыңдаудың дихотикалық парадигмасында - сол жақ жартышардың қызметі басым түскен; екі тілде ерте сөйлей бастаған қостілділер, керісінше, әр жағдайда екі жартышардың тең жұмыс жасауын көрсеткен.

  13. Әртүрлі лингвистикалық белсенділік Сөздерді оқу (қарақұс) Сөздер жайында ойлану (Брока орталығы-сөздер шығару) Сөздерді айту (ми қыртысының қозғалмалы бөлігі) Сөздерді есту (Вернике орталығы-сөзді түсіну)

  14. Миды егжей-тегжейлі қарастыру

  15. Қазіргі таңдағы тіл нейрологиясы • Негіз • Функционалды МРТ • Қорытынды және осының бәрі нені білдіреді...

  16. Жүйке жүйелері

  17. Миды көру. . . • Магниттік резонанстық томография (МРТ) – радиотолқындық энергияның магниттік өрісі мен пульстері ағзаның ішіндегі мүшелер мен құрылымдардың суретін түсіруге қолданылатын үдеріс. • МРТ бізге рентген, ультра дыбыс және компьютерлік томографиядан алынған ақпаратпен қаматамасыз етеді.

  18. Клиникалық тұрғыдан алғанда, МРТ ісік, қан кету, жарақат алу, қан тамыры аурулары немесе инфекция тәрізді проблемаларды анықтауға қолданылады. Сонымен қатар, МРТ рентген, ультра дыбыс, КТ-ден көрінген проблема туралы толығырақ ақпарат алу үшін қолданылуы мүмкін. • МРТ кезінде патолгиялық ұлпаны нақтырақ көру үшін контрасттық материал қолданылады.

  19. Ми туралы айтатын болсақ, МРТ ми ісіктеріне, аневризмаға, ми қансырауына, жүйкенің зақымдануына, және ұстама кезінде пайда болған басқа да проблемаларға қарауға мүмкіндік береді. МРТ көздің және оптикалық жүйкелердің, құлақтың, есту жүйкесінің ақауларын көрсетуі мүмкін. • Сонымен қоса, МРТ адам ағзасына инвазивтік емес зерттеу жүргізуде қолданылады.

  20. МРТ нәтижелерінің мысалы • Сөйлеу кезінде белсендірілетін мидың суреті:

  21. Тілдің басымдылығы:

  22. Тілдік әрекеттер:

  23. Менің көзіме бір минут бойы қарап, құжатты төмен қарай бұра Рахмет. Мысықты сканерлеу аяқталды.

  24. Оқытудың және үйренудің мағыналары Біртілді және қос/бірнеше тілді оқушыларға қатысты қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан нейролингвистикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған оқыту мен үйренудің үш мағынасы: • Тілдік айырмашылықтар • Когнитивтік айырмашылықтар • Неврологиялық айырмашылықтар

  25. Тілдік айырмашылықтар • Қостілді балалар біртілді балаларға қарағанда таксономиялық қатынасты ерте жастан түсінеді. (мысалы, машина мен автобус көлік екенін). • Қостілді оқушылар біртілді оқушылармен салыстырғанда жаңа сөздерді тез үйренеді. Қостілділер сөзді үйренудің түрлі стратегияларын бірдей тиімділікпен қолданады, және сөз үйрену кезінде қарама-қайшы келетін орфографиялық ақпаратқа сезімтал емес. • Лингвистикалық қабылдау қостілділердің екі тілін де белсенді етеді. Қостілділер белгілі бір тілде сөзді естісе немесе оқыса, басқа тілдегі ұқсас лингвистикалық құрылымдар да жарым-жартылай белсендіріледі.

  26. Когнитивтік айырмашылықтар • Қостілділердің қажет емес ауызша немесе ауызша емес ақпаратты басып тастай алу біртілділермен салыстырғанда басым. Басып тастай алу қабілеті жас ұлғайған сайын қостілділерде бәсеңдейді. • Қостілділер кем ақылдылыққа біртілділермен салыстырғанда кеш шалдығады. • Қостілділер дивергенттік ойлаудан, фигура мен фонды ажыратудан және басқа да метакогнитивті дағдылар бойынша жақсы нәтиже көрсетті.

  27. Неврологиялық айырмашылықтар • Тілді қостілдік қабылдау ерте жастағы балаларда ғана пайда болуы мүмкін. • Тілдік әрекеттерде біртілділер мен қостілділер ұқсас жүйкелік аудандарды қолданады. Алайда, үлкен жаста бастаған қостілділер сол жақтағы алдыңғы маңдайлы қатпарды өзгеше белсендіреді. Олфонологикалық және синтактикалық үдерісте маңызды рөл атқарады. • Қостілділердің жартышарларының кейбір аудандарында сұр зат біртілділерге қарағанда көбірек болады.

  28. Қорытынды • Эмпирикалық зерттеулергесүйенсек, балалардың қостілділігі мета дағдылардың және жоғарғы дивергенттікойлауқабілетінің ұлғаюына, соныменқатар қабылдау мен тапсырмалардыклассификациялаудағы жоғары көрсеткіштерге байланысты.

  29. Кейбір зерттеулер қостілділік тілдің дамуына кері әсерін тигізеді, лексикалық қабылдауды нашарлатады және сөздік қорының ұлғаймауына септігін тигізеді десе де, біртілділермен салыстырғанда қостілді балалар тілдік бақылауларда жоғары ұпай жинайды және төмен интеллектуалды нәтиже көрсетеді деген мәлімдемені растамайды.

  30. Қостілділер мен біртілердің бастапқы айырмашылықтары әртүрлі тілдік даму көрінісін береді. Қостілділер біртілділермен салыстырғанда объектілер және олардың атаулары бірдей емес екенін, бір объектінің бірнеше атауы болатынын ерте түсінеді. Тілдің символикалық сілтеу жүйесі екенін түсіну метакогнитивті дамуға пайдалы. Алайда, тілдік дамуды ерте жаста тестілеу арқылы бағалау міндетті емес.

  31. Рахмет!

More Related